»АС ҮЙ ҚҰРАЛДАРЫН ЖУУ КЕЗІНДЕ СІЗДІҢ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІҢІЗ БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!«

Winterhalter компаниясы, ас үй құралдарын жуғыш машиналар жөніндегі сарапшы, қазір үшінші буындағы отбасы компаниясы болып табылады. Біз сауда өнеркәсібі саласындағы ас үй құралдарын жуғыш машиналар бойынша кәсіби шешімдерді ұсынамыз. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларымыз бізді сенімді серіктес ретінде бағалайды. Сізге қандай көмек қажет?

Welcome to Winterhalter, the warewashing experts

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ТАЗАЛАП ЖУУ.

Өр мақсат. Бұл – Winterhalter компаниясын өз тұтынушыларымен байланыстыратын нәрсе. Сізге ас үй құралдарын жуғыш машиналарды сату біздің мақсатымыз емес. Біздің тұтынуышыларымыз бізге кәсіби шешімдерді іздеп келеді: себебі біз олардың талаптарын ескеріп, құралдарды жеке тапсырыс бойынша дайындаймыз. Сенімді әрі үнемді. Ешбір өнім бұл қасиеттерді жалғыз өзі жеткізе алмайды. Ас үй құралдарын жуғыш машина, су өңдеу жүйесі, химиялық жуғыш заттар және сәйкес құрал-жабдықтардан тұратын тұтас жүйе ғана бұл нәтижеге жете алады. Сондай-ақ кәсіби кеңес, анық жоспарлау және бірінші класты қызмет көрсету қамтылған.

Осы пікірмен келісесіз бе?
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ Winterhalter компаниясына қош келдіңіз!

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ Winterhalter компаниясы тұтынушыларға барынша жақын болу мақсатында <ҚАЗАҚСТАН> нарығының арнайы талаптарына сәйкес келу үшін құрылды. Ас үй құралдарын жуғыш машиналар жөніндегі біздің сарапшыларымыз, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарымыз және серіктестер желісі арқылы сізге »коммерциалық ас үй жабдықтарын жуғыш машиналардың« барлық аспектілері бойынша қолдау көрсете аламыз. Сондай-ақ Winterhalter ұсынатын кәсіби шешімнің артықшылықтарын көрсете аламыз.


КЕҢЕС


Біздің өнімдеріміз, қаржылық опцияларымыз немесе гигиена мәселелері бойынша қандай да бір сауалдарыңыз бар ма? Ас үй жабдықтарын жоспарлауда және ыдыс жуу әрекетін ұйымдастыруда көмек қажет пе? Ас үй құралдарын жуғыш машиналар жөніндегі біздің сарапшыларымыз сізге кеңес беру және дереу көмек көрсету үшін әрдайым дайын.

Байланыс үлгісі

ЖУУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТОЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ.

Жоғарғы сапа стандарттарына жауап беретін ас үй құралдарын жуғыш машиналар Германияда және Швейцарияда жасалған. Арнайы қолданыстарға арналған химиялық жуғыш заттар, сондай-ақ оңтайлы жұмыс ағынына арналған құрал-жабдықтар өзіміздің жеке зертханамызда әзірленді. Мұның барлығын ұйымдастырушы – Winterhalter компаниясы. Ас үй құралдарын жуғыш машиналар сарапшысы ретінде, біздің жеке стандарттарымыз бар: осы жуу процесіне қатысатын әрбір құрамдас ең тиімді нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Сондай-ақ барлық құрамдастар осы мақсатта бірге әрекет етуі қажет. Тұтас Winterhalter жүйесіне қош келдіңіз!

АС ҮЙ ҚҰРАЛДАРЫН ЖУҒЫШ МАШИНАЛАР

Жоғарғы стандартты тазалық және гигиена үшін: қолданыс пен өнеркәсіптің кең ауқымында ас үй құралдарын жууға арналған алдыңғы машиналар, сөрелер арасына қойылатын ыдыс-аяқ жуатын машиналар, ас үй құралын жуғыштар және конвейерлік ыдыс-аяқ жуатын машиналар. Жоғары сапалы және толықтай сенімді.

Winterhalter warewashers for the professional kitchen

СУДЫ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІ

Жуу нәтижесінде ыдыс-аяқтың жылтырауы және машинаның қорғанысы үшін: суды тиісті түрде өңдеу жүйесі. Машинаға кіріктіріледі немесе сыртқы құрылғы ретінде беріледі.

ХИМИЯЛЫҚ ЖУҒЫШ ЗАТТАР

Бірінші класты жуу нәтижесі үшін: қолданыстың кең ауқымына арналған жуғыш құрал және шайғыш құрал. Жоғары нәтижелі және үнемді.

ЖУУҒА АРНАЛҒАН СӨРЕЛЕР

Жуу нәтижесі тиімді және кептіру әрекеті оңтайлы болуы үшін: жууға арналған сөрелер. Түрлі жуу опцияларына арналып, тапсырыс бойынша әзірленеді.

Біз өз тұтынушыларымызға техникалық қасиеттері бар кез келген ас үй құралдарын жуғыш машинаны сатпаймыз. Біз әрдайым мұнтаздай таза ыдыстар мен жылтыраған шыныаяқтар нәтижесіне қол жеткізуге арналған жүйені ұсынамыз.

Ralph Winterhalter, Winterhalter Group компаниясының бас директоры


өнеркәсібіне арналған ас үй құралдарын жуғыш машиналар жөніндегі сарапшы компания

Winterhalter Germany Building

Winterhalter Gastronom EAEU countries

Ulitsa 1905 Goda, 10Ab1, 
123022 Moscow
Russia

Tel.: +7 917 502 1717 (продажи / sales)
Tel.: +7 985 195 0390 (сервис / service)
Fax: +7 499 971 1107

[email protected]
[email protected]
www.winterhalter.kz